Меню

Страницы

Статья

Бюджеттік процестегі тәуекелдерге дереу ден қою шаралары

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінң Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің тапсырмасына сәйкес, Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің мониторингі деректерінің негізінде мемлекеттік мекемелердің жыл қорытындысы бойынша ең қауіпті төлемдер анықтау үшін мониторинг жүргізілді.

Тапсырманы орындау негізінде, ең қауіпті төлемдер анықтау үшін 11 мекеме алдын-ала зерделеу жүмыстары жүргізіліп, 8  мекемеге аудиторлық іс-шаралар тағайындалған.

Оның ішінде: «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ, «Қаратал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй  инспекциясы бөлімі» ММ, «Текелі қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Кербұлақ аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ,  «Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ,  «Сарқан ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не.

Атқарылған шаралардың нәтижесінде ең қауіпті төлемдер бойынша анықталған бұзушылықтар 2 937 624 600 теңгені құрады, 1 717 559,5 мың теңгеге қалпына келтірілді.

Ал, қалған анықталған бұзушылықтар бойынша аудит объектілеріне тиісті мерзімі әлі келмеген, нұсқама берілді.

Дата публикации
12 мая 2025
Дата обновления
12 мая 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы