Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жеке тұлғаның өтініші негізінде «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісу Су Құбыры» қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында тауарларды сатып алуға жасалған шарттардың (мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелмеген, үлгілік емес шарттарының) негізділігі және Қазақстан Республикасының заңнамаларының нормаларының сақталуына жоспардан тыс сәйкестік аудиті жүргізілген.
Ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижесінде жалпы сомасы 73 331 700 теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген (нақтыланған) жылдық жоспарында көзделмеген 261 келісім-шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды негізсіз жүзеге асырған. Аудит кезінде шарттар толығымен орындалды.
Осыған байланысты, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 207 бабының 11 тармағына сәйкес, Кәсіпорынның басшысына, әкімшілік жаза мәселесі қарастырылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
2025 жылдың 11 наурызындағы ұйғарым негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары Кодекстің 816 бабынын 4 тармағы бойынша бір іс жүргізуге біріктіріліп, 2025 жылдың 12 наурызындағы қаулы негізінде 6 192 900 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, айыппұл сомасы толықтай өндірілген.