Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылы жүргізілген инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аудитінің қорытындыларын шығарды.

 

Балқаш қаласының аумақтарын дамытуға арналған 2021–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қарағанды облысы Балқаш қаласының 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында, Балқаш қаласында 085 «Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қарағанды облысы Балқаш қаласының туризмді дамыту аймағының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын (ИКИ) салу және абаттандыру» жобасы іске асырылуда.

Жобаны іске асыру қаланың туристік бағыты бойынша инфрақұрылымын жақсартуға және инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Балқаш қаласының құрылыс бөлімімен 085 бюджеттік бағдарламасы бойынша инженерлік коммуникацияларды салу бойынша келесі көрсеткіштер жоспарланған: су құбыры желілері – 1030,6 м, электрмен жабдықтау – 5364,99 м, 4 дана блокты-комплектілі трансформаторлық қосалқы станциялар, 1 дана тарату пункті,  кәріз желілері мен КСС – 1245 м.

Су құбыры, кәріз желілері мен КСС салу бойынша жоспарланған жұмыстардың көлемі орындалды, базалық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылды, бұл Балқаштағы Бертыс шығанағы жағалауында абаттандыру жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Балқаш қалалық құрылыс бөлімінде 2024 жылдың қыркүйегінде жобаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының игерілуі (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, кәріз және кәріздік сорғы стансаларының құрылысы) мәселесі бойынша жүргізілген жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша 426,4 млн.теңгеге рәсімдік бұзушылықтар анықталды, бюджет қаражатының негізсіз пайдаланылуына әкелмеген. Осылайша, мердігерлер электронды форматта орындалған жұмыстардың актісін ұсынбаған, электронды цифрлық қолтаңбамен бекітілген жұмыста жергілікті қамту бойынша есеп жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 мая 2025
Дата обновления
02 мая 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы