Қостанай облысы бойынша ІМАД Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Е. Молдағалиев Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілі А.Т. Аймағамбеттің қатысуымен 2025 ж. 30.04. Қостанай облысы бойынша ІМАД қызметкерлерімен Этикалық кодекс нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізді. Іс-шара барысында Аймағамбет А.Т. мемлекеттік қызметшілер арасындағы лудомания пен діни ұстаным жағдайы туралы айтып берді.
Ол біздің еліміз зайырлы және Конституция мемлекеттік қызметкерлерге дінді ұстануға тыйым салмайтынын атап өтті. Бірақ, бұл ретте Этикалық кодекс өз діни нанымдарын таңуға және діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге тыйым салады.
Құмар ойындарға және спорт алаңдарындағы бәс тігуге қатысты ол Этикалық кодекс мұндай іс-шаралардан бас тартуды ұсынатынын, ал «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң мемлекеттік қызметшілерге тыйым салатынын атап өтті.
Кездесу соңында Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Е. Молдағалиев Мемлекеттік қызмет департаментінің өкіліне алғыс айтып, барлық қызметкерлерге мамыр мерекелері кезінде де, күнделікті уақытта да Әдеп кодексінің нормаларын нақты сақтау қажеттігі туралы ескертті.
Мұндай бағыттағы іс-шара Әдеп жөніндегі уәкілдің үлгілік жоспары шеңберінде үнемі өткізіледі.