Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылғы 1 тоқсандағы әкімшілік практикасы

2025 жылдың I тоқсанында Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан барлығы 75 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 12 іс аудит нәтижелері бойынша қозғалған.

Әкімшілік істердің басым бөлігі мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтарға қатысты. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу нормаларын сақтамай жасалған шарттар немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа уақтылы талап қойылмау сияқты бұзушылықтар тіркелген.

Әкімшілік істерді қарау нәтижесінде жалпы сомасы 8,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған айыппұлдар 100% көлемінде бюджетке өндірілді. Қозғалған істердің барлығы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 811-бабына сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді толық көлемде жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаға салынған айыппұлдың 50% мөлшерін жеті күн ішінде төлеуге мүмкіндік береді.

 

Дата публикации
24 апреля 2025
Дата обновления
24 апреля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы