2024 жылы Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті "Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне тексеру жүргізді. Аудиттің мақсаты пайдаланылған бюджет қаражатының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, атап айтқанда — 18 жасқа дейінгі балаларды иммундауға арналған вакциналар мен шприцтерді, сондай-ақ адам папилломавирусына қарсы вакциналарды сатып алу үшін Үкімет резервінен бөлінген қаражаттың сәйкестігін белгілеу болды.
Аудит барысында бюджеттік және өзге де нормативтік заңнамалардың бұзылуы анықталды. Осылайша, Денсаулық сақтау басқармасы жеткізілмеген вакциналар үшін ақы төлеу фактілеріне жол берді, сондай-ақ вакциналарды негізсіз есептен шығару анықталды.
Аудитпен қамтылған жалпы сома 344 822,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде белгіленген қаржылық бұзушылықтар сомасы-758,8 мың теңге, оның ішінде: 445,2 мың теңге бюджетке өтелуге жатады; 313,6 мың теңге кейіннен вакциналарды жеткізу жолымен қалпына келтіруге жатады.
Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік мекеменің атына анықталған бұзушылықтарды жою және жауапты тұлғаларға қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау туралы нұсқама жіберілді.