Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2025 жылдың бірінші тоқсанында жалпы сомасы 387,9 млрд теңге болатын 5 326 мемлекеттік сатып алу процедурасына камералдық бақылау іс-шаралары жүргізілді. Камералдық бақылау аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының 93,6 млрд теңгеге тең фактілері анықталып, осыған сәйкес 295 хабарлама жолданды.
Департамент тарапынан азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы — e-оtinish арқылы жолданған заңды және жеке тұлғалардың 182 шағымы қаралды. Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес 5 лауазымды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, олар жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 8 хаттама толтырылды.