2025 жылдың 1 тоқсанында Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 13 аудиторлық іс-шара өткізді. Нәтижесінде жалпы сомасы 295,1 млн. теңгеге бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 190,8 млн теңге қаржылық бұзушылықтарға, ал 104,3 млн теңге рәсімдік бұзушылықтарға тиесілі.
Қалпына келтіруге, өтеуге және есепке алу бойынша көрсетілуге жататын жалпы сома 190,8 млн. теңгені құрады. Оның ішінде:
• 107,6 млн теңге қалпына келтірілуі тиіс, оның 816 млн теңгесі тауарлар, жұмыстар және қызметтер арқылы қалпына келтірілді;
• 81,1 млн теңге бюджетке өтелуге жатады, оның 23,4 млн теңгесі қайтарылды;
• 2,1 млн теңге есепке алу бойынша көрсетілуі тиіс, оның 2,1 млн теңгесі көрсетілді;
Қалпына келтірілмеген және өтелмеген сомалар бойынша қылмыстық, сот және талап-арыз жұмыстары жүргізілуде.
Бақылау іс-шаралары нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 10 ұсыныс енгізілді, оның ішінде 3 орындалды, қалғандары бойынша орындау мерзімдері өткен жоқ.
Жіберілген бұзушылықтар үшін тексерілген объектілердің 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Камералдық бақылаумен 5 550 лоттың 5 485-і немесе 98,8% қамтылды. Оның нәтижесінде 2,6 млрд. тг соммасында 385 хабарлама жіберіліп, 7-уі белгіленген мерзімнен кеш орындалған. Осыған байланысты 2 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес шаралар қолданылды.
Есепті кезеңде Департаменттің лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 5,96 млн. теңгеге 46 әкімшілік хаттама жасады, оның 2,9 млн. теңгесі бюджетке өндірілді.