Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтегі әдептілік – жауапкершілік пен сенім негізі.

 

Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне қызмет ету миссиясын арқалаған жауапты міндет. Бұл салада еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың кәсіби біліктілігімен қатар, оның бойындағы әдебі, мәдениеті мен жауапкершілік деңгейі де аса маңызды. Себебі, мемлекеттік қызметші – қоғамның айнасы, билік пен халық арасындағы алтын көпір.

Осы тұрғыда ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде 2025 жылдың бірінші тоқсанында Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан бірқатар нақты әрі мазмұнды іс-шаралар жүзеге асырылды.

Аталған шаралардың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру, олардың құқықтық және моральдық жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру болды.

Әдеп кодексінің талаптары мен мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық стандарттары департамент қызметкерлеріне кеңінен түсіндіріліп, олардың күнделікті қызмет барысында бұл нормаларды басшылыққа алу қажеттілігі баса айтылды. Сонымен қатар, ұжым ішінде сенімділік пен өзара сыйластықты нығайту мақсатында анонимді сауалнама жүргізіліп, қызметкерлердің ішкі ахуалға қатысты пікірлері жинақталып, жан-жақты талдау жасалды. Бұл – мемлекеттік қызметшінің өзін жайлы, сенімді сезінуіне жол ашатын маңызды қадам.

Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда әдептен озбауын қадағалау – қоғам алдындағы жауапкершіліктің бір көрінісі. Осыған орай Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілінің қатысуымен алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болудың алдын алу бағытында арнайы профилактикалық семинар ұйымдастырылды. Онда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын медициналық емес мақсатта тұтынудың, сондай-ақ көлік құралдарын масаң күйде басқарудың құқықтық салдары кеңінен түсіндірілді. Бұл шара – мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық ортада мінсіз бейнесін сақтауына серпін берері анық.

Бірінші тоқсан аясында Әдеп жөніндегі уәкілдің бастамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптары бойынша 10-нан астам ақпараттық-насихаттық жиындар өткізіліп, қызметкерлерге 5 жеке консультациялық көмек көрсетілді. Бұл кездесулердің әрқайсысы – қызметкердің кәсіби дамуына, заң аясында әрекет етуіне және әдебін сақтай білуіне бағытталды.

Жалпы, бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстар мемлекеттік қызметтегі адалдық, әділдік және ашықтық қағидаттарын орнықтыруға негіз болды. Әдептілік – тек тұлғалық қасиет емес, бұл – қоғам алдындағы жауапкершілік, мемлекетке деген адалдықтың белгісі. Сондықтан да бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Егер сізде мемлекеттік қызметшінің әдеп мәселелеріне қатысты қандай да бір сауал туындаса, келесі мекенжайға хабарласуыңызға болады: Түркістан қаласы, 32-көше, 16-ғимарат, 3-қабат. Байланыс телефоны: 8 (72533) 5-76-12. Әдеп жөніндегі уәкіл – Мұсабек Азамат Мұсабекұлы.

Халықтың билікке деген сенімін арттыру – әр мемлекеттік қызметшінің борышы. Ал бұл сенімнің негізі – әдептілік пен әділеттілік екенін естен шығармауымыз қажет.

Дата публикации
18 апреля 2025
Дата обновления
18 апреля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

БАҚ үшін
13 октября 2026
Алакөл аудандық орталық ауруханасында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде 74,1 млн теңге сомасында бұзушылықтар анықталды
Ақпарат
12 октября 2026
«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-дегі аудиторлық іс-шараның нәтижелері
Ақпарат
12 октября 2026
«Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-дегі аудиторлық іс-шараның нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы