Аудиторлық қызметтің негізгі көрсеткіштері
Департамент тарапынан 2025 жылдың 3 айында барлығы 24 аудиторлық іс-шарамен 8 млрд. 824,7 млн. теңге қаражат қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 4 млрд. 976,3 млн. теңгеден астам бұзушылықтар анықталған, оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 4 млрд. 738,1 млн. теңге немесе 95% (қаржылық+рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 238,2 млн. теңге немесе 5% құрайды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге, қалпына келтіруге және есептілікте көрсетуге жататыны 4 млрд. 578,5 млн. теңге (өтеуге жататыны – 1 млрд. 121,3 млн. теңге, қалпына келтіруге –3 млрд. 457,2 млн. теңге).
Департаменттің ден қою шараларымен бюджетке өтелгені, қалпына келтірілгені 1 млрд. 478,8 млн. теңге немесе 32,3 % (бюджетке өтелгені 848,5 млн.тг., қалпына келтірілгені 630,3 млн.тг).
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларына қатысты 93 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, 16,1 млн. теңге айыппұл салынып, оның 14,8 млн. теңгесі бюджетке өтелді.
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы 24 нұсқама жолданып, 16 нұсқама толығымен орындалса, қалған 8 нұсқаманың орындалу мерзімі келмеген.
Аталған нұсқамалар бойынша аудит объектілерінің 23 жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2024 жылдың өткен кезеңінде анықталған заңнама бұзушылықтардың 92,3 млн. теңге сомасында 3 мемлекеттік аудит материалдары жолданған.
Қолданылған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарымен 2 аудит материалы бойынша ҚР ҚК-нің 189 бабы бойынша сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.