Сыбайлас жемқорлық - барлық мемлекеттерге тән және барлық уақытта болған бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің айқын зұлымы.
Қазiргi әлемде сыбайлас жемқорлық iс жүзiнде барлық мемлекеттер үшiн елеулi және көкейкестi проблема болып табылады.
Халықтың сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайлы қарауы, азаматтардың құқықтық санасының төмендігі, лауазымды тұлғаның алдына қойылған мәселе бойынша оң да, теріс те шешім қабылдауды таңдау мүмкіндігінің болуы, азаматтың лауазымды адаммен сөйлескен кездегі психологиялық сенімсіздігі, азаматтың өз құқықтарын, сондай-ақ лауазымды адамның құқықтары мен міндеттерін білмеуі, лауазымды адамның мінез-құлқына басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауы сыбайлас жемқорлықтың себептері болуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлық қатынастарының таралу деңгейiне қарай сыбайлас жемқорлық төменгi (билiктiң төменгi және орта эшелондарында), жоғарғы (жоғары шенеунiктер мен саясаткерлерде) болуы мүмкiн.
Мемлекет пен қоғам өзінің дамуына қарай объективті және субъективті сипаттағы көптеген факторларды ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралдарын қалыптастырады және оларды биліктің әртүрлі деңгейлерінде сынақтан өткізеді.
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдайды. Оны орындау шеңберінде Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Департамент қызметкерлері арасында тұрақты негізде барлық заңнамалардың нормаларын түсіндіру, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, құқықтық оқу жүргізіледі. Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында не интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде жарияланады. Департаментте «сенім телефоны» жұмыс істейді, басшылықтың азаматтарды қабылдау кестесі қабылданды.
Егер Сіз сыбайлас жемқорлықтың куәгері не құрбаны болдыңыз деп есептесеңіз, бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 тегін нөмірі арқылы хабарлай аласыз, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) не тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшелеріне жазбаша жүгіне аласыз, egov.kz электрондық үкімет порталының онлайн-сервисі арқылы өтініш жібере аласыз.
Еліміздің кез келген азаматы осы зұлымдыққа қарсы іс-қимылға белсене қатысуға міндетті.
Қостанай облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы
Кульбаев Б.О.