Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2025 жылдың 1-ші тоқсанындағы атқарылған нәтижесі

        Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өткен мерзімінде тиісті жұмыстар жүргізілді.

            Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 7 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 1, жоспардан тыс – 6, оның ішінде, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 2, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 4.

            Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 55-те жалпы сомасы 2 190,0 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 1 027,4 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 41,7 млн.теңгесі бюджетке өтелуге жатады (8,1 млн.теңге бюджетке өтелді, бұл 19,4%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 546,6 млн.теңгесі (орындалған жұмыстар мен қызметтер есебінен қалпына келтірілгені – 546,6 млн.теңге, бұл 100%-ды құрайды), 439,1 млн. теңгесі - бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар (яғні 100%-ды құрайды).

            Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 4 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,9 млн теңге бюджетке толығымен өтелді.

            Қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі Комитеттің тапсырмасы бойынша – 562,4 млн.теңге, яғні 54,7%, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша – 422,3 млн.теңге, бұл 41,1%, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша аудит жүргізу кезінде анықталды – 42,7 млн.теңгеге, яғни 4,2% құрайды.

            Айта кетсек, қаржылық бұзушылықтардың келесі түрлері анықталды, олар:

            - бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін Үкімет резевінен қайтармау – 249,8 млн.теңгеге;

            - орындалмаған жұмыстар, көрсетілмеген қызметтер және жеткізілмеген тауарлар үшін қаражатты төлеу – 336,0 млн.теңгеге;

            - бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 439,1 млн.теңгеге;

            - іссапар және басқа төлемдер бойынша бұзушылықтар – 2,5 млн.теңгеге анықталды.

          Департаментпен, 6656 (лот) мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізіліп, өндірілуге тиіс 6602, яғни 99 % құрайды, оның ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 556 хабарлама жіберіліп, оның ішінде 542 орындалды, яғни 97,0% орындалды.

Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаларды уақтылы және тиісінше орындамағаны үшін, 8 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жолданды.

Дата публикации
15 апреля 2025
Дата обновления
15 апреля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы