Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылдың 1 тоқсанның камералдық бақылау қорытындылары

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылдың 1 тоқсан ішінде жалпы сомасы 382,4 млрд теңгені құрайтын 10 526 мемлекеттік сатып алу лоттары қаралуға жатты, оның ішінде 364,6 млрд. тенге құрайтын 10 275 лот қаралды.

1 042 лот бойынша (10%) сомасы 26,4 млрд.теңге құрайтын бұзушылықтар анықталып, хабарлама жолданды. Оның ішінде 111 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу, 241 хабарлама бойынша конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу, 659 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою, 31 хабарлама бойынша қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға 8 хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 хаттама толтырылды.

 

 

 

Дата публикации
14 апреля 2025
Дата обновления
14 апреля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы