2025 жылдың есепті кезеңінде Департамент 32 аудиторлық іс-шара жүргізді, соның нәтижесінде қаржылық есептілік аудитін және мемлекеттік сатып алуларды есепке ала отырып, жалпы сомасы 6 млрд. 318 млн теңге болатын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 1 млрд. 363 млн теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар;
- 4 млрд. 359 млн теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу 595 млн теңгеге.
Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан жалпы сомасы 1 млрд, 363 млн. теңге қалпына келтіруге, есепке алуға және бюджетке өтеуге жатады, оның ішінде бұзушылықтар жойылды 899 млн. теңге немесе 65,6%.
Есептік кезеңдегі аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша тексерілетін субъектілерге бұзушылықтарды жою бойынша 23 нұсқау жолданды (бүгінгі таңда олардың 15-ы орындалды).
Жол берілген бұзушылықтар үшін 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 133 хаттама жасалып, жалпы сомасы 9 млн теңге айыппұл салынды, бюджетке 8 млн теңге өтелді немесе 92,2%.