Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекетік аудит департаменті (әрі қарай - Департамент) 2025 жылдың 1 тоқсанында 25 аудиторлық іс-шара өткізді. Қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі 24,3 млрд. теңгені құрады.
Тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 млрд. теңгеге бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі заңнаманың бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде 1,8 млрд. теңге қаржылық бұзушылықтарға, ал 2,3 млрд. теңге процедуралық бұзушылықтарға жатады.
Анықталған қаржылық бұзушылықтарды жою үшін департамент шаралар қабылдады, нәтижесінде 0,5 млрд. теңге сомасына бюджет қаражатын қалпына келтіруге және өтеуге мүмкіндік туды.
Ағымдағы жылы 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар 1-і қызметінен босатылды.
Анықталған бұзушылықтарды жою және бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында департамент 22 нұсқама жіберді. Есепті күнге орындау мерзімі 14 нұсқама бойынша келді, олардың барлығы толық орындалды.
Аудит барысында анықталған бұзушылықтарға жүргізілген талдау бірқатар объектілерде жалақыны есептеу және төлеу тәртібін реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді бұзуға жүйелі түрде жол берілетінін көрсетеді. Сонымен қатар, нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын аудару фактілері тіркелді. Мұндай бұзушылықтар бюджеттік тәртіптің сақталуына бақылауды күшейту және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін айғақтайды.