2025 жылдың бірінші тоқсанында Департаментпен 13 аудиторлық іс-шара өткізілді, онда жалпы сомасы 18,7 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды, қаржы 2,3 млрд. теңгені, рәсімдік 16,4 млрд. теңгені құрайды. Есепті күнге қабылданған шаралармен 1,1 млрд. теңге (47,9%) сомасына бұзушылықтар жойылды, тәртіптік жауапкершілікке 3 лауазымды тұлға тартылды. Қалған сома бойынша төлем мерзімі келген жоқ.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жол берілген бұзушылықтар үшін Департаментпен 132 әкімшілік іс қозғалды, онда 11,4 млн.теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, оның ішінде 11,2 млн. теңге өндірілді немесе 98,5%, олар негізінен оңайлатылған тәртіппен төленді.
Сондай-ақ, Департамент білім, куртура және спорт саласындағы жалақы бойынша төлемдердің (жалақыны артық аудару тәуекелдері) онлайн бюджеттік мониторингін жүзеге асырады. Мәселен, 2025 жылдың бірінші тоқсанында 262,7 млн. теңге сомасына 1 378 тәуекел төлемі бойынша 76 әрекет ету хаты жіберілді, мұнда тәуекелдер 4,8 млн. теңге сомасына 51 төлем бойынша расталды. Есепті күнге қабылданған шаралармен 4,3 млн. теңге сомасына ақша қаражатын қайтару жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, прокуратура органдары маман ретінде тартқан Департамент қызметкерлерімен 6 қорытынды берілді, онда жалпы сомасы 236,2 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 22,4 млрд. теңге сомасына 842 хабарлама жіберілді. Есепті күнге 11,5 млрд. теңге сомасына 824 хабарлама орындалды.