Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылғы I тоқсандағы бойынша камералдық бақылау нәтижесі

2025 жылдың I тоқсанында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын іске асыру шеңберінде 1,3 трлн теңгеге жуық сомаға 23 029 лотқа камералдық бақылау жүргізілді. Атап айтқанда:

Бірінші бағыт бойынша — 11 779 сатып алу;

Екінші бағыт бойынша — 2 102 сатып алу;

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу — 4 982 лот;

Бір көзден алу тәсілімен сатып алу — 4 106 лот.

Айта кету керек, мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнаманың күшіне енуіне байланысты камералдық бақылаудың үшінші және төртінші бағыттары алынып тасталды, бұл сатып алуларды талдау мен бағалау тәсіліне әсер етті.

2025 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызына дейінгі аралықта Департамент тарапынан ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге 7,4 млрд. теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 388 хабарлама жолданды. Оның ішінде:

1-бағыт бойынша — 128 хабарлама;

2-бағыт бойынша — 62 хабарлама;

Бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен сатып алулар бойынша — 63 хабарлама;

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алулар бойынша — 135 хабарлама.

Хабарламалар көбінесе келесі тәуекел бейіндері бойынша жолданды:

Тәуекел бейіні №1: тапсырыс берушінің заңнамада көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуі — 117 хабарлама;

Тәуекел бейіні №23: «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңын және мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 11-бабын бұза отырып баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану — 54 хабарлама.

2024 жылмен салыстырғанда камералдық бақылау нәтижесінде 2 216 хабарлама жіберілген болатын, олардың 50%-дан астамы қазіргі уақытта алып тасталған төртінші бағыт аясындағы бұзушылықтарға қатысты болған.

Осылайша, заңнамалық өзгерістер мен бақылаудың бірқатар бағыттарының алынып тасталуына қарамастан, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жою бойынша тұрақты белсенділік байқалуда. Бұл сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасып жатқанын көрсетеді.

Дата публикации
10 апреля 2025
Дата обновления
10 апреля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы