Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылғы I тоқсандағы бойынша камералдық бақылау нәтижесі

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылдың I-тоқсанында жалпы сомасы 74  млрд. теңгені құрайтын 7589 сатып алулар рәсімін камералдық бақылаумен қамту қамтамасыз етілді.

Нәтижесінде, 9,3 млрд. теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 508 хабарлама жіберілді.

Талдау көрсеткендей, жиі кездесетін бұзушылықтарға: стандарттарды көрсетпеу, мерзімдерді көрсетпеу, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын орналастырмау, заңда көзделмеген жағдайларда үлгілерді, тауар белгілерін және қызмет көрсету белгілерін көрсете отырып, дұрыс емес демингтік көрсеткішті белгілеу  және басқа бұзушылықтар  жатады.

Тікелей шарт жасау арқылы бір көзден сатып алуды жүзеге асырған жағдайда тапсырыс берушілер «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII ҚР Заңының 16-бабында көзделген тиісті негіздерсіз бұл әдісті таңдауға жиі жол береді.

Жекелеген жағдайларда, хабарламаларды орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін  лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 16 іс қозғалған.

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы