ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен салынған әкімшілік айыппұлдардың сомасын бюджет кірісіне өтеу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.
2025 жылдың 1 тоқсанындағы қорытындысы бойынша - 56 әкімшілік хаттама, оның ішінде Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘҚБтК) 207-бабы мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзу бойынша 22 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 238-бабы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін 5 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 239-бабы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы бойынша 2 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 233-бабы жеке кәсіпкерлермен бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны үшін 5 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау бойынша 22 хаттама толтырылған.
ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылғы 1тоқсанда жалпы сомасы 3 627 270 теңгеге айыппұл салынды, оның ішінде 3 627 270 теңге өндіріп алынды.
Департамент ҚР ӘҚБтК-нің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді белсенді түрде қолданады, бұл әкімшілік іс қозғалған тұлғаға қатысты санкцияда көрсетілген соманың елу пайызы мөлшеріндегі айыппұл сомасын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.