2025 жылдың бірінші тоқсанында Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 16 аудиторлық іс-шара өткізді. Нәтижесінде жалпы сомасы 13 740,9 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2 728,3 млн. теңге - қаржылық бұзушылықтар, ал 5 828,9 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды қоса алғанда 11 012,5 млн. теңге - рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар,.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 1 488,5 млн. теңге өтелді. Аудит нәтижелері бойынша 2,1 млн.теңге сомасына 9 әкімшілік іс қозғалды, оның 1,5 млн. теңгесі өндірілді. Тәртіптік жауапкершілікке 6 лауазымды тұлға тартылды.
Сондай-ақ, 659,9 млн.теңге сомасына Мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы 886 хабарлама жіберілді.
Аудит бюджеттік атқару саласындағы заңнаманың сақталмауын анықтады, бұл бюджетті әзірлеу және орындау кезінде, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалану кезінде бұзушылықтарға әкелді.
Қызметтің тиімділігін арттыру үшін мекеме басшылары мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде ашықтықты, тиімділік пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған ұсынымдар ұсынылды.