Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылдың 1 тоқсан бойынша 18 аудиторлық іс-шара өткізілді.
Есепті кезеңде жоспардан тыс тексерулер жүргізілді – 15, соның ішінде:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша - 7;
- құқық қорғау органдарынан қайта жіберілген өтініштер бойынша - 1;
- жоғары тұрған органдардың тапсырмалары бойынша - 7.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар 2 168 303 мың теңге сомасында бюджеттік заңнаманы бұзушылықтарды анықтады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 80 342,9 мың теңге және процессуалдық бұзушылықтар – 2 087 960,1 мың теңге (ағымдағы шығыстар – 1 536 918,8 мың теңге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар – 551 041,3 мың теңге).
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау бойынша жалпы сомасы – 551 041,3 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алу нәтижелерін қозғайтындар – 426 834,4 мың теңге.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен бюджетке қалпына келтірілуге және өтелуге тиісті сомасы 80 342,9 мың теңгеден қалпына келтіруге тиісті және өтелгені – 19 302,2 мың теңге немесе 24%, 15 ұйғарым жолданды (3 ұйғарым бойынша сот шешіміне дейін ұзартылды, 6 ұйғарым бойынша мерзімдері келмеді), оның ішінде аудит объектілерімен толық көлемде – 6 орындалды.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау нәтижелері бойынша 6 471 314,1 теңге сомасына 970 хабарлама жіберілді, оның ішінде 6 432 147,1 теңге сомасына 952 хабарлама орындалды.