Меню

Страницы

Статья

Онлайн-бюджеттік мониторинг: Түркістан облысында білім саласындағы қаржылық бақылау.

           Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №597 бұйрығымен бекітілген тәуекелді басқарудың үш деңгейлі жүйесіне сәйкес, 2023-2025 жылдары Түркістан облысында білім саласындағы қызметкерлерге қазынашылық мекемесі арқылы төленген құжаттарға талдау жүргізілді.

          Қаржы министрлігіне қарасты Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасына сәйкес мониторинг нәтижелері төмендегі органдарға жолданды:

  • Білім басқармасы мен оның бөлімдеріне;
  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне;
  • Түркістан облысының білім басқармасына.

        2025 жылы білім мекемелеріндегі жоғары тәуекел деңгейі бар 103 қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) бойынша жалпы 164 628,3 мың теңге сомасына хабарламалар жіберілді. Тексеру нәтижесінде  5 186,8 мың теңге расталып, оның 3 183,2 мың теңгесі бюджетке қайтарылды.

      Қазіргі таңда заңсыз қаржылық операцияларды анықтау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша жұмыстар жалғасуда.

Дата публикации
02 апреля 2025
Дата обновления
02 апреля 2025
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы