Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесіне сәйкес, 2023-2024 жылдар аралығында білім беру мекемелерінде қызмет атқарған қызметкерлердің жеке карт шоттарына, төлем шоттарын заңсыз және дұрыс ұсынбау белгілері бойынша бюджет қаражатын негізсіз пайдалануын бақылауды күшейту мақсатында «Онлайн бюджеттік мониторинг» ақпараттық жүйесі аумақтық департаменттерге қол жетімді болды.
Ұлытау облысы бойынша ішкі мелекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджеттік мониторинг» ақпараттық жүйесі аясында бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізіп, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ақпараттық жүйеде анықталған тәуекелдер негізінде білім беру ұйымдарына төлемдер бойынша 64 ден қою хабарламасын жолдады.
Жолданған хабарламалар нәтижесінде 2,2 млн теңгеден астам қаражатты негізсіз аудару тәуекелдері расталды, оның 2,2 млн теңгесі бюджетке қайтарылды
Өз кезегінде, білім беру ұйымдары тәуекелге түскен сомалардың негізділігі мен шынайылығы тұрғысынан қайта қарауды жүргізеді және олар расталған жағдайларда 10 жұмыс күні ішінде бюджетке ерікті түрде артық аударылған қаражатты қайтаруды қамтамасыз етеді.
Департамент білім беру саласындағы тәуекел төлемдерге мониторинг жүргізе отырып, мемлекеттік қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде.