Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен әкімшілік өндірістерді қозғау бойынша тиісті жұмыс жүргізілуде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының әр түрлі талаптарын бұзуы бойынша, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) өткен жылғы есепті кезеңде аудит объектілердің лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік өндіріс қозғалып және 560 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, айыппұлдын жалпы сомасы 45,8 млн. теңгені құрап, бюджет кірісіне толық көлемінде өндірілген.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, негізгі әкімшілік өндіріс құрамы болып мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар (өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сот органдарына талап-арыздарды уақтылы қолданбау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заң нормаларын қолданылмай шарттар жасасу).
Сонымен қатар, Департамент тарапынан Кодексінің 810 және 811-баптарына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді толық көлемде жүзеге асырады, осы қысқартылған іс жүргізуі әкімшілік айыппұл соманың 50% мөлшерінде айыппұл сомасын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.