Меню

Страницы

Статья

Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2024 жылы жүргізілген аудиторлық қызметінің көрсеткіштері

Департамент тарапынан 2024 жылы 35 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның ішінде 13-і жоспарлы және 22-сі жоспардан тыс. Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 2 млрд 116 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1 млрд 560 млн теңге қаржылық бұзушылықтар және 555,7 млн теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 697,9 млн теңге қабылданған шаралар нәтижесінде қалпына келтіріліп, өтелді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларына қатысты 560 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, жалпы сомасы 45,8 млн теңге айыппұл салынды. Бұл соманың барлығы бюджет кірісіне толық көлемде өндірілді.

Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына заңнама бұзушылықтарының жалпы сомасы 918,3 млн теңгені құрайтын мемлекеттік аудиттің 7 материалы жолданды.

Департамент жіберген, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы 34 нұсқама негізінде аудит объектілерінің 41 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Камералдық бақылау шеңберінде 6 692 лоттың 6 594-і қамтылды. Нәтижесінде, жалпы сомасы 20,0 млрд теңгені құрайтын 908 лот бойынша бұзушылықтар анықталып, олардың түрлері сипатталған тиісті хабарламалар жіберілді. Орындау мерзімі өткен алты хабарлама бойынша Департамент камералдық бақылау шеңберінде тиісті ден қою шараларын қабылдады.

Онлайн-бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша қаражат аудару кезінде анықталған 2,3 млн теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар туралы 64 хабарлама жіберіліп, бұл қаражат бюджетке толық көлемде өтелді.

Дата публикации
28 марта 2025
Дата обновления
31 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы