Меню

Страницы

Статья

Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің 2025 жылдың 1 тоқсандағы атқарған жұмысы туралы есеп

Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің 2025 жылдың 1 тоқсандағы атқарған жұмысы туралы есеп 

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен қарастырылған функцияларын орындау аясында, Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру жолымен, мемлекеттік аудит объектісіне шықпай камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтарды болдырмау және уақытында оның алдын алу, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру болып табылады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында 807 лотты жалпы сомасы 20 млрд. теңгеге камералдық бақылаумен қамтылып, оның 33 лот бойынша жалпы сомасы 185,0 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды.   

         Бұзушылықтар келесі бағыттарда орын алды:

Бірінші бағыт (ашық конкурс) – 1 хабарлама;

Екінші бағыт (ашық конкурс) – 1 хабарлама;

Баға ұсыныстарын сұрау – 28 хабарлама;

Бірінші бағыты ЖЖ (бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы) - 3 хабарлама;

         Жиі кездестірілген бұзушылықтар, олар: сатып алынатын тауарлар,  жұмыстар мен қызметтерге мемлекеттік стандарттар көрсетілмеген, біліктілік талаптарын белгілемеу, техникалық ерекшеліктер екі тілде, яғни қазақ және орыс тілдерінде берілмеген. 

Ағымдағы жылдың ақпан айында 33 хабарлама орындалды, оның ішінде 2 хабарлама мерзімі өтіп орындалды, ол бойынша Департаментпен камералдық бақылаудың тиісті ден қою шаралары қабылданды.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 30-бабы 4-тармағы 2, 3)-тармақшаларына сәйкес, камералдық бақылаудың ден қою шаралары: осы Заңның 32-бабында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны уақтылы орындамағаны үшін ағымдағы жылдың қаңтар айында 2 нысанның мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатылып, қайта жаңартылды.

Сондай-ақ, хабарламаны уақтылы орындамағаны үшін 2 әкімшілік іс қозғалып, сот органдарына жолданды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында «eOtinish» бірыңғай платформасы арқылы барлығы 43 өтініш келіп түсті және қаралды.

 

Дата публикации
28 марта 2025
Дата обновления
02 апреля 2025
Тип
Инфографика

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы