Меню

Страницы

Статья

«Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ аудиторлық іс-шараның нәтижелері

Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жоспарлау, пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік аудит жүргізу мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізді.

Аудиторлық іс-шара барысында 5 208,5 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде өтелуге жататын 3 689,5 мың теңге және қалпына келтіруге жататын 1 519,0 мың теңге, атап айтқанда: Мекеме жалақы мен еңбек демалысын негізсіз аударған; жанар-жағармай материалдары (бензин) тиісті аналитикалық есепке алынбай, негізсіз есептен шығарылған; Мекемеде жалпы сомасы 306,2 мың теңгеге баланста тұрған негізгі құралдардың (ұзақ мерзімді активтер), жалпы сомасы 1519,0 мың теңге баланста тұрған резервтердің (басқа да материалдар) жетіспеушілігі анықталды. Аудиторлық шара барысында мекеме жергілікті бюджетке 3 689,5 мың теңге шығынды өтеп берді.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Мекеме атына анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы ұйғарым жіберілді, онда бухгалтерлік есеп бойынша 1 519,0 мың теңге соманы қалпына келтіру қажет (баланста тұрған резервтердің (басқа да материалдардың) жетіспеушілігі); анықталған бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарастыру, сондай-ақ құқықтық тәуекелдерге және бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеу жөніндегі ұсынымдардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.

Сонымен бірге, Департаментпен қысқартылған іс жүргізу тәртібімен ҚР ӘҚБтК-нің 238-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке Мекеменің бас есепшісі тартылды. Айыппұл толығымен төленді.

Дата публикации
27 марта 2025
Дата обновления
27 марта 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы