ҚР ҚМ ІМАК Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті 2025 жылдың 1 тоқсанында камералдық бақылаумен баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген 2026 сатып алу рәсімдері қамтылды, бұл ретте 123 сатып алу бойынша бұзушылықтар анықталды.
Лицензиялар мен рұқсаттардың болуы туралы әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптарды белгілеу, сондай-ақ заңда көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу негізгі бұзушылықтар болып табылады.
Мысалы, "Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК "автокөлік құралдарын техникалық сүйемелдеу бойынша" жұмыстарды сатып алу кезінде материалдық ресурстардың болуы бөлігінде заңда көзделмеген біліктілік талаптары белгіленген.
Сондай-ақ, "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" ММ мектеп үшін күзет қызметін сатып алды, алайда ұйымдастырушы лицензияның болуы туралы талаптарды белгілемеді, ал қызметтің бұл түрі лицензияланатын болып табылады.
Мұндай бұзушылықтар анықталған кезде Департамент сатып алуды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Қабылданатын ден қою шаралары алдын алу сипатта болады және тиісті лицензиялары жоқ өнім берушілердің негізсіз біліктілік талаптарын белгілеуіне және жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орындалуына жол бермейді.