Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2020 жылдың 1 жартыжылдығында камералдық бақылаумен 446 121 158, 1 мың теңге сомасына 53 736 Мемлекеттік сатып алуды (лоттарды) қамтып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 53 063 797, 1 мың теңге сомаға 773 хабарлама жіберді.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 жартыжылдығында Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің әрекеттеріне шағымданған жеке және заңды тұлғалардың 826 өтінішін қарады.