«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, жүргізілген сәйкестік Ішкі мемлекеттік аудитімен аудиторлық тексерумен анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 122,3 млн теңге, оның ішінде:
Қаржылық сипаттағы анықталған бұзушылықтар 89,8 млн теңге, оның ішінде: бюджетке өтелуге тиіс жалпы сомасы 70,6 млн теңге, аудит барысында жергілікті бюджетке қайтарылған жалпы сомасы 15,6 млн теңге, есеп сәйкес қалпына келтірілген бойынша жалпы сомасы 3,4 млн теңге.
Рәсімдік сипаттағы анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 32,6 млн теңге.
2021-2023 жылдарының жыл аяғында коммуналдық қызметтеріне жалпы 23,5 млн теңгеге алдын-ала төлемдер жасалынып, келесі жылы қайта есептеулер жүргізілгені анықталды.
Мұғалімдердің алған сертификаттары жүйеде расталмай, жалпы сомасы 86,3 млн теңгеге негізсіз үстемақы төленгені анықталды. Оның ішінде: жалпы сомасы 15,6 млн теңге аудит барысында жергілікті бюджетке қайтарылды.
Аудит барысында ұсынылған құжаттарға сәйкес іс-сапар шығындары артық есептелгені анықталды, жалпы сомасы 81 200 теңге.
2023 жылға жалпы сомасы 314 400 мың теңгеге мекеме қызметкерлеріне жылдық сыйақы айырмашылығы бойынша қаржылық бұзушылықтармен төленгендігі анықталды. Оның ішінде:
ҚР Қаржы Министрінің «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының тармағына қайшы, «Балақай» бөбекжай-балабақшасы 3,4 млн теңгеге қорлар есепке алынбаған. Аудит барысында бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.
Бүгінгі таңда бюджетке 46,8 млн теңге қайтарылды. Қалған қайтарылмаған жалпы сомасы 42,9 млн теңгесіне аудандық сотқа беріліп, бүгінгі таңда сот процесі жүргізілуде.
Сонымен қатар, 17 жауапты тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 1 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, бюджетке толығымен өндірілді.