Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысында мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылау нәтижелері

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізеді. Оның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және олардың орын алуына жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру, сондай-ақ аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту.

2024 жылы тексеруге жататын 26 975 мемлекеттік сатып алу рәсімінің 26 780-і камералдық бақылаумен қамтылды, бұл 98,3%-ды құрайды. Бақылау шеңберінде ұйымдастырушыларға/тапсырыс берушілерге 6 398 хабарлама жіберілді, оның ішінде 6 272-сі орындалды, яғни 98,0%.

Хабарламалардың уақтылы және тиісінше орындалмауына байланысты ҚР ҚМ МҚА-ға шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 40 хат жолданды, 54 хаттама жасалып, сот органдарына берілді.

Жіберілген хабарламалардың нәтижесінде мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар қайта шығарылды.

Сонымен қатар, есепті кезеңде Департаментке өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша заңды және жеке тұлғалардан 2 659 шағым түсті. Оның ішінде:

  • 1 539 өтініш толық немесе ішінара қанағаттандырылды;
  • 1 120 өтініш бойынша қанағаттандырудан бас тартылды.
Дата публикации
11 марта 2025
Дата обновления
12 марта 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы