2024 жылдың төртінші тоқсанында Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ бюджет қаражатын жоспарлаудың, пайдаланудың сәйкестігіне мемлекеттік аудит мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізді.
Аудит нәтижелері бойынша 594 493,9 мың теңге сомасына бұзушылықтар, оның ішінде 573,3 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, 593 920,6 мың теңге сомасына рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Аудит нәтижелері бойынша маңыздылық көрсеткіші қанағаттанарлықсыз бағаланатыны анықталды, өйткені Бухгалтерлік есеп заңнамасының нормаларын сақтамау бойынша қаржы-шаруашылық операцияларында ауытқулар бар. Бұл ретте, негізсіз жүргізілген шығыстар бөлігінде бұзушылықтар, жалақыны артық төлеу, бюджеттік өтінімді жасау бөлігінде бұзушылықтар, бүкіл кезең үшін қосымша бюджеттік өтінімдердің болмауы, ЖЖМ артық шығыны, тауар-материалдық қорларды есептен шығарудың тиісті есебін сақтамау белгіленді, шаруашылық тауарларын есептен шығаруға актілер, жанар-жағармай материалдарын есептен шығаруға ведомостар, жанар-жағармай материалдарын есептен шығаруға арналған ведомостар, мемлекеттік сатып алуды орындау.
Нәтижесінде мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының белгіленген нормативтік-құқықтық заңнамаларын білмеуіне, сондай-ақ міндеттемелердің тиісінше орындалмауына және мекеме басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың болмауына байланысты бұзушылықтарға жол берді.
Департамент мекеме атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тартуға нұсқама жіберді.