Меню

Страницы

Статья

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ-нің Ішкі аудит қызметі 2024 жылы жүргізген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ЖАО ІАҚ) 2024 жылы 18 аудиторлық іс-шара өткізді.

Есепті кезеңде аудитпен қамтылған қаражат көлемі 34 106,9 млн теңгені құрады.

Аудит нәтижесінде 2 248,0 млн теңге сомасына немесе аудитпен қамтылған қаражаттың 6,6%-ы көлемінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

  • қаржылық бұзушылықтар – 64,6 млн теңге (қалпына келтіруге, есепке алуға және өтеуге жатады);
  • рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 2 093,9 млн теңге;
  • оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтар – 89,5 млн теңге.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қалпына келтіруге және бюджетке өтеуге жататын 64,6 млн теңгенің 63,9 млн теңгесі немесе 98,9%-ы қалпына келтірілді және өтелді.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарау туралы 18 шешім қабылданды.

Аудит объектілеріне ішкі рәсімдерді, қағидаларды және процестерді жақсарту бойынша 85 ұсыным жолданды. Бұл ұсынымдар жұмыстың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қызметтің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.

 

Дата публикации
11 марта 2025
Дата обновления
12 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы