Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі арқылы білім беру саласындағы жалақыға байланысты бюджет қаражатының жұмсалуына мониторинг жүргізуде.
Осыған орай тәуекелі жоғары төлемдер бойынша білім беру ұйымдарына және олардың бюджет әкімшісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаменттеріне тұрақты түрде хабарламалар жолдануда.
2025 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша 118 білім беру ұйымына 286 жеке тұлғаға қатысты 445,3 млн теңгеден астам қаражат бойынша хабарламалар жолданған.
Жолданған хабарламалар негізінде 23,2 млн теңге артық қаражат аудару тәуекелдері расталып, оның 19 млн теңгесі бюджетке және мектеп есепшоттарына қайтарылған.