Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылғы қызметінің қорытындылары

2024 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу, құрылыс, бухгалтерлік есеп және қаржылық әкімшілендіру салаларына қатысты бірқатар жүйелі бұзушылықтарды анықтады.

Осылайша, 2024 жылы Департамент 107 тексеру жүргізді, оның 71-і тікелей аудит нысандарында, ал 36-сы қашықтан өткізілді. Аудитпен қамтылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 89,1 млрд теңгені құрады. Тексерілген қаражаттың 56,7%-ын құрайтын 50,5 млрд теңге көлемінде заң бұзушылықтар анықталды.

Ең көп заң бұзушылықтар мемлекеттік сатып алулармен – 22,2 млрд теңге, ағымдағы шығыстармен – 10,7 млрд теңге және мемлекеттік активтерді басқарумен – 6,8 млрд теңге байланысты. Аудит қорытындысы бойынша 4 млрд теңге өтеліп, қалпына келтіріліп және есепке алынды.

Әкімшілік жауапкершілікке 41 лауазымды тұлға тартылды. 7,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, оның 7,2 млн теңгесі бюджет кірісіне аударылды. Тәртіптік жауапкершілікке 81 лауазымды тұлға тартылып, алтауы атқаратын қызметінен босатылды. Мемлекеттік аудит нысандарына анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша 91 нұсқама жіберілді, оның 56-сы толық көлемде орындалды.

Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтар еңбекақы төлеуге, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің сақталмауына, орындалған жұмыстардың құнын негізсіз көтеруге, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың қолдау шараларына қолжетімділігін шектеуге байланысты. Сондай-ақ, негізсіз біліктілік талаптарын белгілеу және белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін жеткізушілерді жіберу фактілері анықталды.

Аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған заңнаманың өрескел бұзушылықтарына «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ мекемелеріндегі заң бұзушылықтар жатады.

«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-да орындалмаған жұмыстар үшін 707,3 млн теңге төленгені, құрылыс саласындағы заң бұзушылықтар, жұмыс кестесі мен тәртібінің сақталмауы анықталды. 693,5 млн теңге бюджетке қайтарылып, қалған 13,7 млн теңге бойынша атқарушылық іс жүргізу қозғалды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да қарыз алушылар несиені мақсатсыз пайдаланып, жалпы сомасы 5 373,4 млн теңге болатын қарызды өтемеген. Қабылданған шаралар нәтижесінде 270,0 млн теңге қалпына келтірілді, қалған сома бойынша сот талқылаулары жүргізілуде.

Ұйымдардағы жүйелі заң бұзушылықтар заңнаманы, әсіресе мемлекеттік сатып алу саласындағы талаптарды жеткіліксіз білумен байланысты. Нормаларды қате түсіндіру нәтижесінде тендерлерде заңсыз талаптар қойылып, сәйкес келмейтін жеткізушілер таңдалады және сатып алу тәсілдерін анықтау кезінде бұзушылықтар орын алады. Сондай-ақ, білікті бухгалтерлердің жетіспеуі есеп жүргізуде қателіктерге әкелуде.

Жүйелі заң бұзушылықтардың алдын алу үшін бюджеттің орындалуын бақылауды күшейту, қызметкерлерді заңнама нормалары бойынша тұрақты оқыту, анықталған кемшіліктерді жедел жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту қажет. Сонымен қатар, шарттарды орындау барысында тапсырыс берушілердің, техникалық қадағалау органдарының және мердігерлердің жауапкершілігін арттыру маңызды.

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
17 марта 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы