Меню

Страницы

Статья

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2024 жылғы жұмыс қорытындылары

Азаматтардың өтініштері – мемлекеттің қоғаммен өзара іс-қимылындағы ашықтықты, заңдылықты қамтамасыз ететін және халықтың құқықтарын қорғауға ықпал ететін маңызды құрал.

Олар азаматтарға өз құқықтарын іске асыруға және әділдікке қол жеткізуге ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік органдарға өз жұмысын жетілдіріп, проблемалық мәселелерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөледі.

Мәселен, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде мемлекеттік басқару жүйесіне елеулі өзгерістер енгізген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ҚР АПК) қолданысқа енгізілді.

Оның негізгі аспектілерінің бірі – азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау тәртібін реттеу. Бұл процесс ашықтықты, есеп беруді қамтамасыз етіп, құқықтық қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

2024 жылы Комитетке және оның аумақтық бөлімшелеріне 2023 жылмен салыстырғанда (79 210 өтініш) 74 062 өтініш түсті, бұл 5 148 өтінішке немесе 6,9%-ға аз.

Өтініштерді талдау көрсеткендей, азаматтар көбінесе мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша жүгінген (өтініштердің 64%-ы). Олардың ішінде конкурстардың қорытындыларына дау айту, өтінімдердің негізсіз қабылданбауы және шартты жеңілдіктерді есептеудегі қателіктер жиі кездеседі. Өтініштердің қалған 36%-ы аудит жүргізуге қатысты болды.

2024 жылы келіп түскен өтініштердің 68 451-і (93,5%) қаралып, 5 611 өтініш (6,5%) басқа мемлекеттік органдарға жолданды.

Өтініштерді қарау сапасын арттыруға қарамастан, қосымша назар аударуды қажет ететін бірқатар мәселелер бар.

Мемлекеттік органдардың орындаушылары өтініш берушілердің деректемелерді (БСН, ЖСН) дұрыс толтырмауы, өтініш түрін шатастыруы, өтініштің мәні болмауы немесе мемлекеттік органды дұрыс таңдамауы сияқты мәселелерге жиі тап болады.

Мұндай жағдайлар өтініштерді қарау мерзімінің бұзылуына немесе оларды құзыретті органдарға қайта жолдау кезінде кідірістерге әкеп соғады.

Осы мәселелерді шешу мақсатында Комитет қызметкерлер үшін құжаттарды ресімдеу ережелері мен орындаушылық тәртіп нормаларын түсіндіруге бағытталған оқыту іс-шараларын белсенді түрде ұйымдастыруда. 2024 жылы азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу мәселелері бойынша 279-дан астам оқыту іс-шарасы мен кеңес өткізілді.

Азаматтармен жеке кездесулер олардың мәселелерін шешудің тиімді әдісі болып қала береді.

Комитет пен оның аумақтық департаменттерінің басшылығы азаматтарды ай сайын және апта сайын жеке қабылдаулар өткізеді.

2024 жылы Комитет басшылығы мен аумақтық бөлімшелердің басшылары 455 азаматты жеке қабылдады.

ҚР АПК-нің енгізілуі азаматтардың өтініштерін қарау сапасын, ашықтығын және жеделдігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті қызметкерлердің құзыреттілігін арттыру, өтініштерді қарау рәсімдерін жетілдіру және олардың уақтылы орындалуын бақылауды күшейту арқылы өз жұмысын одан әрі жақсартуды жалғастыруда. Бұл шаралар қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып қана қоймай, Қазақстанда неғұрлым тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы