Меню

Страницы

Статья

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Шарбақты ауданында елеулі бұзушылықтарды анықтады

2024 жылы Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатын пайдаланудың негізділігін бағалау үшін Шарбақты ауданының 11 мекемесіне жоспарлы аудит жүргізді.

Аудит нәтижелері қаржылық (6 346,2 млн.теңге) және рәсімдік сипаттағы (11 435,5 млн. теңге) елеулі бұзушылықтардың бар екендігін көрсетті.

Ең маңызды бұзушылықтар «Шарбақты ауданының нақты экономика секторы бөлімі» ММ (4 792,9 млн теңге қаржылық және 9 638,5 млн теңге рәсімдік бұзушылықтар) және «Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 474,9 млн теңге қаржылық және 1 614,1 млн теңге рәсімдік бұзушылықтар) тіркелді.

Аудит бюджет қаражатын басқарудағы жүйелі проблемаларды, атап айтқанда, сыйлықақы беруге, материалдық көмек төлеуге, лауазымдық айлық ақыларға үстемеақылар белгілеуге және қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге арналған қаражаттың пайдаланылу барысында ішкі бақылау жүйесінің тиімділігінің жеткіліксіздігін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы және бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының бұзушылықтары анықтады.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 13 лауазымды тұлға (сомасы 1 071,5 мың теңге) және 2 заңды тұлға (сомасы 393,2 мың теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы