Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың 12 айында жалпы сомасы 89 363 660 теңгеге 814 әкімшілік хаттама түзген.
Оның ішінде аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 18 330 900 теңге сомасына 282 әкімшілік іс қозғалды. Бюджетке өндіріп алу 100% құрайды.
Талдау көрсеткендей, әкімшілік іс жүргізудің негізгі құрамы мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар болып табылады (өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінбеу/уақтылы жүгінбеу немесе мемлекеттік сатып алу нормаларын бұза жасалған шарттар).
Сондай-ақ, Департамент ҚР ӘҚБтК 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді белсенді түрде жүзеге асыруда.