Департаментпен 2024 жылдың қорытындысымен барлығы 113 аудиторлық іс – шаралар жүргізіліп, есептілікке енгізілді. Жоспарлы – 29 аудиторлық іс-шара болса жоспардан тыс – 84 аудиторлық іс-шара. Департаменттің 2023 жылға арналған объектілер тізбесі бойынша (өтпелі) – 3 аудиторлық іс-шара (АФО).
Аудиторлық іс-шарамен жалпы қамтылған қаражат көлемі 47 831,1 млн теңгені құрады, жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша барлығы 40 366,7 млн теңге бұзушылықтар анықталды. Қаржылық бұзушылықтар 20 796,3 млн теңге, рәсімдік бұзушылықтар 19 570,3 млн теңге, оның ішінде Мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзу сомасы 9 082,8 млн теңге.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың үлес салмағы 43,4% - болса, жалпы анықталған бұзушылықтардың үлес салмағы 84,3% құрайды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке – 275,4 млн теңге өндіруге жатады, қалпына келтіруге – 20 279,2 млн теңге, бухгалтерлік есепке алу мен қалпына келтіру бойынша – 241,7 млн теңгені құрайды.
Қабылданған шаралармен 182,6 млн теңге бюджетке өндірілсе, 19 848,1 млн теңге қалпына келтірілді, бухгалтерлік есепке алу жолымен – 241,7 млн теңге қалпына келтірілді. Жалпы 20 272,5 млн теңге қаржылық бұзушылықтарды бюджетке өндіру, қалпына келтіру бойынша 97,5% құрап, операциялық жоспар орындалды.
Бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша 93 аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді, олардың ішінде 4 нұсқаманың орындалу мерзімі келмеген болса, орындау мерзімі аяқталған - 89 нұсқама болып, іс жүзінде 83 нұсқама орындалды, немесе 93,2%, құрап операциялық жоспар орындалды. Орындалмаған 6 нұсқама құқық қорғау органдарына жолданды. Жіберілген нұсқамалар бойынша қабылданған шаралармен аудит объектілерінің 107 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Құқық қорғау органдарына процесстік шешім қабылдау үшін 558,9 млн теңгеге 11 аудит материалы жолданды. 2024 жылғы 4 тоқсандағы салыстыру актілеріне сәйкес 7 материал бюджет қаражатын талан-таражға салу бойынша қылмыстық істер қозғалды.