Меню

Страницы

Статья

«Арқалық қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шараның нәтижелері

Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Арқалық қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) жеке адамдардың өтініштерінде көрсетілген дәлелдерді ескере отырып, жергілікті атқарушы органның резервінен бюджет қаражатын бөлудің және пайдаланудың негізділігі, сондай-ақ су тасқыны салдарын жою шеңберінде қаражатты мақсаты бойынша бөлудің негізділігі бойынша жоспардан тыс аудиторлық іс-шара өткізді.

Аудиторлық іс-шара барысында қалпына келтіруге жататын 143 349,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, өтелетін тауарлар тізіміне енгізуге жатпайтын бүлінген мүлікке 171,9 мың теңге көлемінде өтемақы төлеу негізсіз жүргізілді, келтірілген залалдың 231,1 мың теңге көлемінде өтемақы төленді, теңгерімде тұрған негізгі құралдардың жетіспеушілігі анықталды, атап айтқанда құтқару кеудешелер, моторы бар қайық, үрлемелі қайық, абоненттік станция, мотопомпа 5 447,8 мың теңге көлеміндегі 73 дана, екі ЖШС-мен және бір ЖК-мен  жасалған мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттары бойынша көрсетілген қызметтерді растау сенімділігі қамтамасыз етілмеген, оның нәтижесінде Мекеменің шығындарына жалпы сомасы 137 498,5 мың теңге (қызметтерді жеткізушімен толтыратын көрсетілген қызмет туралы мәліметтер көрсетілмеген: қызметтің атауы, өлшем бірлігі, саны, бірліктің бағасы және сомасы). Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында Мекеме жергілікті бюджетке 403,0 мың теңге шығынды өтеп берді.

Аудиттің нәтижелері бойынша Мекеме атына анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұйғарым жіберілді, онда 5 447,8 мың теңге көлеміндегі 73 дана негізгі құралдардың жетіспеушілігін қалпына келтіру, көрсетілген қызмет актілерін ұсыну арқылы 137 498,5 мың теңгені қалпына келтіру, сондай-ақ, анықталған бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру көрсетілген болатын.

«Арқалық қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ұсынылған жауабына сәйкес 5 447,8 мың теңге көлеміндегі 73 бірлікті құрайтын негізгі құралдардың тапшылығы қалпына келтірілді, сондай-ақ көрсетілген қызмет актілерін ұсыну арқылы 137 498,5 мың теңгесі қалпына келтірілді, Мекеменің қызметкерлері «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дата публикации
10 февраля 2025
Дата обновления
10 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері
Ақпарат
14 октября 2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері
Мерзімді БАҚ
14 октября 2026
2026 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы