Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің "Бюджет қаражаттарына онлайн мониторингі"

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде бюджет қаражаттарының жұмсалуына мониторингті онлайн жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық жүйе жүзеге асырылуда. «Онлайн бюджеттік мониторинг» ақпараттық жүйесі – қаржылық бұзушылықтарды анықтаумен бірге, аудит объектілері тарапынан бюджет қаражатын басқаруда адалдықтың сақталуын анықтайтын шара болып табылады.

         Қазіргі таңда, Комитет және оның аумақтық Департаменттері тарапынан білім беру ұйымдарымен қазынашылық органдары арқылы жүргізілген ақша аударымдарына 11 тәуекел бейіндері бойынша онлайн мониторинг жүргізілуде (жеке тұлғаның карт-шот деректерінің сәйкессіздігі, 1 айда 800,0 мың теңгеден астам артық қаражатты аудару тәуекелі (бірнеше төлемдермен), жеке тұлғаның карт шотына 1 айда бірнеше мекемеден төлемдердің түсуі, 1 жылда 1 жеке тұлғаға 14 млн. теңгеден астам  қаражаттың аударылуы,  1 жылда 1 жеке тұлғаға 8 млн. теңгеден астам  қаражаттың аударылуы және т.б).

         Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан тұрақты түрде тәуекелдігі жоғары төлемдер бойынша білім беру ұйымдарына және олардың бюджет әкімшісіне, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаментін хабардар ете отырып, хабарламалар жолдануда.

         Білім беру ұйымдары өз тарапынан тәуекелдігі жоғары төлемдердің негізділігін, дұрыстығын қайта қарап, егер тәуекел расталып жатқан жағдайда артық аударылған қаржыны 10 жұмыс күні ішінде бюджетке ерікті түрде қайтаруға мүмкіндік беріледі.

         Департаменттің хабарламасы 10 жұмыс күні ішінде орындалмаған жағдайда білім беру ұйымына электронды аудит жүргізіліп, қаржылық бақылаудың ден қою шаралары қолданылады.

         2024 жылдың қорытындысы бойынша 157 білім беру ұйымына 348 жеке тұлға бойынша 794,7 млн. теңгеден астам қаражат бойынша хабарламалар жолданды.

         Бүгінгі күнге, Арал ауданындағы 37 орта мектебінде 34,9 млн.теңге, Қазалы ауданындағы 3 орта мектебінде 1,1 млн. теңге, Жалағаш ауданындағы 2 орта мектебінде 2,7 млн. теңге, Қармақшы ауданындағы 4 орта мектебінде 43,9 млн. теңге, Сырдария ауданындағы 4 орта мектебінде 12,6 млн. теңге, Қызылорда қаласындағы 9 орта мектебінде 2,2 млн. теңге, Шиелі ауданындағы 7 орта мектебінде 23,2 млн. теңге, Жаңақорған ауданындағы 11 орта мектебінде 59,4 млн. теңге, барлығы 180,1 млн. теңге артық қаражат аудару тәуекелдері расталып отыр.

         Яғни, «Онлайн бюджеттік мониторинг» ақпараттық жүйесі өзінің тиімділігін іс жүзінде көрсетіп отыр.

Дата публикации
06 февраля 2025
Дата обновления
06 февраля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
Мемлекеттік қаржы ашықтығын арттыру: онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің 2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы
Ақпарат
05 октября 2026
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі бойынша 2026 жылға арналған ақпараты
Баяндама
24 сентября 2026
«Хромтау ауданы Аққұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ-гі аудит нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы