Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылы 59 аудиторлық іс-шара жүргізді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындысымен жалпы сомасы 34 452,8 млн.теңгенің бюджет заңнамасының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар сомасы 29 648,6 млн.теңге және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы 4 804,2 млн.теңгені құрады.
Аудиторлық іс-шаралар қорытындысымен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталмауынан жалпы сомасы 604,3 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды.
Есепті кезеңде камералдық бақылаумен 17450 мемлекеттік сатып алулар қамтылып, олардың нәтижесімен жалпы сомасы 45 325,0 млн.теңгенің 4702 мемлекеттік сатып алуларда анықталған бұзушылықтар бойынша хабарламалар жіберіліп, толықтай орындалды.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес 672 лауазымды тұлғаларға жалпы сомасы 45,0 млн.теңгенің айыппұлы салынып, бюджетке өндірілгені 42,4 млн.теңге.
Жіберілген бұзушылықтар үшін 41 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Департаментке 4633 өтініш түсті, Заңда көзделген мерзімде қаралып, өтініш берушілерге жауаптары берілді.