Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылы жалпы сомасы 681, 3 млрд. теңге құрайтын 37754 мемлекеттік сатып алу (лоттар, МС жоспарларының тармақтары) қаралды.
Оның ішінде, сомасы 103, 2 млрд. теңге құрайтын 6882 лоттар, МС жоспарларының тармақтарына камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданды.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 3 521 хабарлама жіберілді, оның ішінде:
2024 жылғы жағдай бойынша камералдық бақылау нәтижесі бойыша мемлекеттік сатып алу веб-порталында жеке және заңды тұлғалардан 5 073 өтініш қаралды, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабының тармақтарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылған.