Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторлық қызметінің қорытынды нәтижелері

      

      Бюджеттік қаражатты пайдалануға ішкі мемлекеттік аудит жүргізудің негізгі функцияларын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылы Түркістан облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 56 аудит шарасын өткізді, 2024 жылы Департамент 79 аудиторлық іс-шара өткізді, оның 65-і жоспардан тыс тексерулер, ал 14-і бекітілген жоспар бойынша, оның ішінде 7 қаржылық есептілік аудитінен тұрды.

       Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы сомасы 47623,7 млн теңгені құрады. Тексеру барысында 40,051 млн теңге сомасына бюджет және өзге де заңнаманы бұзушылықтар анықталды, бұл тексерілген қаражаттың жалпы көлемінің 84,1%-ын құрайды. Осы соманың ішінде қалпына келтіруге, бюджетке өтеуге және есепте көрсетуге жататын қаржылық бұзушылықтар                              10 554,3 млн теңгені құрады.

     Анықталған бұзушылықтардың ішінен:

- бюджетке өтеу – 548,0 млн теңге;

- қалпына келтіруге жататындар – 2 265,5 млн теңге;

- бухгалтерлік есеппен қалпына келтіру бойынша  – 7 740,7 млн теңге.

      Департамент тарапынан қабылданған шаралармен 9 956,2 млн теңге (94,4 %) қалпына келтіріліп, бюджетке өтелді.

   - бюджетке өтеу – 189, 5 млн теңге;

   -  қалпына келтіруге жататындар – 2 029, 0 млн теңге;

   - бухгалтерлік есеппен қалпына келтіру бойынша – 7 740, 7 млн теңге.

     2024 жылы жүргізілген аудиторлық іс-шаралармен ішкі мемлекеттік аудит материалдары бойынша 81 лауазымды тұлғаларға 12 201,2 мың теңге сомасында әкімшілік жазалар қолданылып, нәтижесінде бюджетке толық өндірілді.

     Процессуалдық шешімін қабылдау үшін 2024 жылы барлығы 208 362,6 мың теңге сомасына 3 аудит материалдары сотқа жолданып, cот процесімен толық өтелінді.

     Сонымен қатар, бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша 79 аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданып, толығымен орындалды.

    Осылайша, мемлекеттік аудит объектілерінің нұсқамаларды орындауының қорытындысы 100%-ды құрады, бұл Департамент жұмысының жоғары тиімділігін көрсетеді.

 

 

Дата публикации
31 января 2025
Дата обновления
31 января 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы