Меню

Страницы

Статья

2024 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералды бақылауының қорытындылары

2024 жыл қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тарапынан 211,7 млрд теңге сомасында 21 241 мемлекеттік сатып алу рәсімін камералды бақылау арқылы қамтылды.

Бақылау барысында мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама бұзушылықтары 25,6 млрд теңге сомасында анықталып, 2 868 хабарлама жіберілді.

Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамаған немесе мерзімінде орындамаған лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды — барлығы 45 тұлға.

Камералды бақылау аясында 1 970 шағым қаралды, оның ішінде 1 317-сі толық немесе жартылай қанағаттандырылды, 653 жағдай бойынша шағымдарды қанағаттандырудан бас тартылды.

Өткен жылдағы ең көп шағымданған және бұзушылықтар анықталған мемлекеттік сатып алулар білім беру ұйымдарында тауарлар мен тамақтану қызметтерін сатып алу рәсімдері болды.

Осы сатып алулар бойынша, камералды бақылаудың нәтижелері бойынша, 1 164 шағым негізінде 653 хабарлама жіберілді, оның жалпы сомасы 386,7 млн теңгені құрады.

Дата публикации
31 января 2025
Дата обновления
31 января 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы