Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылы жалпы сомасы 811 млрд. 256 млн. теңгені құрайтын 22 961 мемлекеттік сатып алу лоттары қаралған.
Оның ішінде 2 886 лот бойынша (сомасы 19 млрд. 705 млн. теңге) бұзушылықтар анықталып, 2 774 хабарлама жолданды. Оның ішінде 659 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу, 7 хабарлама бойынша конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу, 424 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою, 1 684 хабарлама бойынша қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру.
Әлеуетті өнім берушілерден мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жолданған 4 064 шағым қаралды, Оның ішінде, 835-і толық қанағаттандырылды (20,6%), 1 619-ы қанағаттандырылмады (39,8%), 1 610 шағым бойынша ішінара расталды (39,6%).
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға 46 хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 59 хаттама толтырылды.