Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар есебі

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан  2024 жылдың қорытындысы бойынша 197 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның ішінде 186 іс-шара жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекетттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін, 11 іс-шара республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қамтиды.

Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 67377,7 млн. теңгеге бюджет қаражаттары және мемлекет активтері қамтылып, жалпы сомасы 116684,7 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды (оның ішінде  қаржылық есептілік аудиттің бұзушылықтары).

Анықталған бұзушылықтардан қаржылық бұзушылықтардың сомасы 19318,2 млн. теңгені және рәсімдік бұзушылықтар 97366,5 млн. теңгені құрады.

Есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 19318,2 млн. теңге қаржылық бұзушылықтардан 19303,0 млн. теңге өтелді және  қалпына келтірілді, оның ішінде 570,6 млн. теңге  бюджетке өтелді және жалпы сомасы 1040,2 млн. теңгеге тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы және  есеп бойынша көрсету 17692,2 млн.теңге қалпына келтірілді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша камералдық бақылаумен 541950,2 млн. теңге соманың  22923 лоты мен жоспар  тармақтары қамтылды (қамту 98,5 %  құрайды), 2812 лот бойынша 54941,1 млн.теңгеге бұзушылықтар  анықталды.

Департамент тарапынан есепті кезеңде 82 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 19,2 млн. теңге сомасына әкімшілік жаза салынды және ол толығымен бюджетке өндірілді.

Сондай-ақ,  ағымдағы жылдың аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 202 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды (оның ішінде 4 лауазымды тұлға қызметінен босатылды). 

Дата публикации
28 января 2025
Дата обновления
28 января 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы