Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аудиторлық тексеру жүргізілді. Аудит нәтижесінде келесілер анықталды:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.02.2022ж «Сәйкестік аудиті ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартын бекіту туралы» №113 бұйрығына сәйкес 01.01.2021-01.11.2024 жылдар аралығындағы Мекеменің есепшісінің сыйақы және еңбекақысының 5-15А формасы мен төлемдерін есептеуге арналған есеп ведомстілері қамтылып, тексеру жүргізілді.
Тексерумен 2021-2024 жылдар аралығында Мекеменің есепшісіне жалақы беру бойынша 3585,2 мың теңге, 2021 және 2024 жылдары еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақысы бойынша 136,1 мың теңге артық аударылғандығы анықталды.
Сонымен қатар, аудит барысында Мекеме тарапынан «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 37-бабы, 2-тармағы, 2,3-тармақшаларының талаптарына қарсы, сыйақы беру туралы бұйрықтарының қосымшалары бір-біріне сәйкес келмейтін екі нұсқада ұсынылып, 14 519,8 мың теңгеге рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Сәйкесінше аудитке анық емес ақпарат ұсынғаны үшін Мекеме басшысы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабы, 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауакершілікке тартылды.
Аудит барысында Мекеменің есепшісі 3 721,3 мың теңгені бюджетке қайтарды.