Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылдың қызметінің қорытындысы

2024 жылы Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 50 аудиторлық тексеру жүргізіп, жалпы сомасы 213 993,4 млн. теңгеге бұзушылықтарды анықтады. Оның ішінде 4 634,5 млн.теңгесі қаржылық бұзушылықтарды, ал 209 358,8 млн. теңгесі - рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарды, оның ішінде 14 440,0 млн. теңгесі мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды құрады. Қабылданған шаралар нәтижесінде 3 958,4 млн. теңге қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылды.

Құқық қорғау органдарына 16 419,9 млн. теңге сомасына бұзушылықтар бойынша материалдар жіберілді. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 13,2 млн. теңгеге 80 әкімшілік іс қозғалды, олар бюджет кірісіне толығымен өндірілді.

Мемлекеттік сатып алуға жүргізілген камералдық бақылау 2 779 488,2 млн. теңге сомасына бұзушылықтарды анықтады, оларды жою туралы 5 178 хабарлама жіберілді.

Бюджеттік атқару саласындағы заңнаманы сақтамау бюджетті әзірлеу мен орындаудың, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың бұзылуына әкелді. Департамент мекеме басшылары мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджет қаражатын пайдалануда ашықтықты, тиімділікті және жауапкершілікті арттыру бойынша ұсынымдар жолдады.

 

Дата публикации
24 января 2025
Дата обновления
24 января 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы