Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысы бойынша ІМАД 2024 жылғы әкімшілік практикасы

2024 жылы Департамент әкімшілік құқықбұзушылық туралы 589 хаттама толтырып, оның 105 хаттамасы соттың қарастыруына жолданды.

Департамент 484 материал бойынша сомасы 38 209 204 теңгеге әкімшілік айыппұл салды.

Әкімшілік құқықбұзушылық арасында негізгі бөлігін мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар (ҚРӘҚБтК 207 бабы), олар бойынша 26 569 478 теңге сомасына айыппұл салынып, 367 хаттама толтырылды. Саны бойынша келесі орында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалар саласындағы жалпы сомасы 9 277 996 теңгеге салынған 66 бұзушылық орын алып тұр (ҚРӘҚБтК 238, 239 баптары). Құқықбұзушылықтың үштігін нұсқамаларды орындамау бойынша сомасы 1 301 430 теңгеге 46 іс аяқтайды (ҚРӘҚБтК 462 бабы).

Олардан басқа, Департаменттің құзыретіне жататын ҚРӘҚБтК басқа баптары бойынша жалпы сомасы 1 060 300 теңгеге айыппұл салып 5 әкімшілік іс қаралды.

Департамент 114 бұзушылықты анықтаған, басқа әкімшілік істер бойынша іс қозғауға прокуратура органдарының ұсынымдары, соттардың жеке ұйғарымдары, тексеру комиссиясының, ішкі аудит қызметтерінің және т.б. аудиторлық есептері негіз болған.

Салынған 38 209 204 теңге айыппұлдың 37 987 684 теңгесі, яғни 99,4 % бюджетке төленді.

Өндірілмеген айыппұлдардың сомасы 221 520 теңгені құрады, оның ішінде 110 760 теңге сомасындағы 1 материал жеке сот орындаушыларының өндірісінде, 1 материал (110 760 теңге) сотпен жойылды.

Дата публикации
23 января 2025
Дата обновления
23 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы